Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын – Песков

Sputnik
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді деп үміттенетінін айтты.
Песков журналистердің "Кремль Трамптың сөзіне қандай түсініктеме береді?" деген сұрағына жауап берді.
"Мен қазір ешқандай түсініктеме бергім келмейді. Президент Путин мен ресейлік тарап қақтығысты бейбіт реттеу жолдарын іздеуге ашық", - деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп осы аптада Ресей мен Украина келісімге келеді деп үміттенеді