АЛМАТЫ, 20 сәуір - Sputnik. Жапонияда 17 мың докер 24 сағат бойы ереуілдетіп жатыр, деп хабарлады NHK телеарнасы. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Ереуіл жексенбіде Жапонияның барлық теңіз порттарында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар - докерлер кәсіподағының жалпыұлттық федерациясы, бүкіл жапондық докерлер мен көлік жұмысшыларының кәсіподағы.
Ереуілшілер жұмыс берушілердің жалақыны айына 30 мың иенге немесе 10%-ке көбейтуді талап етіп жатыр.
24 сағатқа созылатын ереуіл бүкіл елдегі порттарда тиеу жұмыстарын тоқтатты. Мұндай ереуілдер 30 наурыз бен 13 сәуірде де болған.
Жұмыс беруші тарап жапондық порт көлігі қауымдастығы ереуілдің әсерін азайту үшін кәсіподақтармен келіссөз жүргізуге ниетті.