LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап 5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады

Елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылады деп жоспарлануда
Sputnik
АСТАНА, 19 сәуір - Sputnik. Астана билігі елорданың бірнеше көшелерінде бес айға қозғалысты шектеуді енгізеді.
LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады.
113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарлануда.
LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап 5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады
22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.
LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап 5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады
Қалалық әкімшілік елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Айта кету керек елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылады деп жоспарлануда.
Астанада LRT тестілік режимде қашан іске қосылады