Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп: Украинадағы жағдайды Ресеймен қақтығысқа дейін жеткізу ақылға қонымсыз

Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Украина төңірегіндегі жағдайды Ресеймен қақтығысқа дейін ушықтыруы ақылға қонымсыз деп мәлімдеді.
"Ресей әлдеқайда үлкен, әскери күш-қуаты жоғары. Егер ақылды болсаң соғысқа қатыспайсың, араласпайсың. Бұған осы орында отырған адамды, Байденді кінәлауға болады. Ол не болып жатқанын білмеді", - деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
Ол "сол кезде мен президент болғанда қақтығыс болмас еді" деп атап өтті.
Трамп "Ресеймен қақтығысқа Владимир Зеленскийді кінәлі деп санайсыз ма?" деген сұраққа АҚШ президенті: "оның жанкүйері емеспін" деп жауап берді.
"Мен оны кінәламаймын. Бірақ ол тиімді жұмыс істеді деп ойламаймын. Мен оның жанкүйері емеспін", - деді Трамп.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресейдің Украинадағы қақтығысты тоқтатқысы келетініне сенімді