Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды.
Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
"Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген", - деп жазылған хабарламада.
Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.
1 / 3
Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
2 / 3
Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
3 / 3
Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.