Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Италия Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған талпыныстарын қолдады

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездесті
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. АҚШ пен Италия президент Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған талпыныстарына қолдау білдіріп, әділ әрі ұзақ бейбітшілік орнату қажеттлігін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ пен Италия Украинадағы қақтығысты тоқтатуға және президент Трамптың атысты тоқтатуға қол жеткізудегі және әділ әрі тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етудегі талпыныстарын толық қолдауы керектігін атап көрсетеді", - делінген Ақ үйдің бірлескен мәлімдемесінде.
Құжат Трамптың 17 сәуірде Вашингтонда Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен алғашқы ресми кездесуінен кейін жарияланды.
Көшбасшылар қауіпсіздік, экономика және технология салаларындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ НАТО-ның мақсаттарына ортақ адалдық танытуға бел байлағандарын растады.