Бизнеске заңсыз шектеу салған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Кәсіпкерлік кодекстегі жаңа түзетулерге сәйкес кәсіпкерлерге қатысты тыйым салу шаралары туралы прокурорлар хабардар болуы тиіс
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Астана прокуратурасы бақылаушы органның бизнеске заңсыз шектеулер салуына байланысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы жылы орган қадағалау органының келісімінсіз 25 кәсіпорынның қызметін тоқтатқан, бұл заң бұзушылық болып табылады.
Кәсіпкерлік кодекстегі жаңа түзетулер мемлекеттік органдарды кәсіпкерлерге қатысты тыйым салу-шектеу шараларын қолдану туралы прокурорды хабардар етуге міндеттейді.
Прокурорлық қадағалаудың бұл құралы осы жылдың 20 қаңтарынан бастап қолданылады және бизнеске шектеулер қоюдың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылды, заңға қайшы шектеу шаралары алынып тасталып, бақылаушы органның екі лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.
Мыңдаған қазақстандық халықаралық іздеуде жүр - Бас прокуратура