Тоқаев барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
1 / 3

Тоқаев митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

2 / 3

Тоқаев митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

3 / 3

Тоқаев митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.