Жеңістің 80 жылдығы

Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 3 соғыс ардагері бар
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлеріне әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлады облыстық әкімдіктегілер.
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 3 соғыс ардагері, 2396 тыл еңбеккері, қайтыс болған 97 ардагердің жұбайлары, қоршауда қалған Ленинградтың 5 тұрғыны, 9 концлагерь тұтқыны тұрады.
Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан ардагерлердің жұбайларына 50 000 теңге, Ленинград блокадасы кезінде жұмыс істеген азаматтарға 60 000 теңге, концлагерь тұтқындарына 100 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
Бұдан бөлек, оларға курорттық емделуге, тіс протездеу қызметтеріне және коммуналдық төлемдерге жыл бойы ақы төленеді.
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 4,3 млрд теңге төленді