Қазақстанның Украинадағы елшісі тағайындалды

Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қызметті бұған дейін атқарған Дархан Кәлетаев лауазымынан босатылды.
Саясат
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді