АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының сайты.
Алимент төлеуге мүмкіндігі бар азамат "Ж" 3 жыл бойы өз міндеттемесін орындамаған. Қарыз шамамен 3 миллион теңгені құрады.
"Борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, бейресми жұмысқа орналасу арқылы өзінің нақты табысын жасыра отырып, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза кесілді.