Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысқа Байден мен Зеленскийді кінәлады

Владимир Путин бұған дейін Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтатуға тырысатынын, бірақ бұл үшін дағдарыстың түпкі себептерін жою керектігін айтқан болатын
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский мен экс-президент Джо Байденді Украинадағы әскери іс-қимылдардың басталуына әкеп соқтырған қорқынышты іспен айналысты деп айыптады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Ресей мен Украина арасындағы соғыс – Байденнің соғысы, менікі емес, менің бұл соғысқа қатысым жоқ, бірақ өлімді тоқтату үшін көп жұмыс істеп жатырмын. <…> Зеленский мен алаяқ Байден осы жағдайға әкеп соқтырған өте қорқынышты жұмыс атқарды", - деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Бір күн бұрын Зеленский CBS телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Ресейге бүйрегі бұрып, Украинаға зиян тигізетін қадамдарға барып отырғанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин наурызда Мәскеудің Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтатуға тырысатынын, бірақ бұл дағдарыстың түпкі себептерін жоюды қажет ететінін айтқан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысын шешудің келешегі туралы айтты