Қазақстан музыкасы Instagram* мен Facebook-те қолжетімді - министрлік

Заң бойынша музыканы тек авторлар мен құқық иелерінің рұқсатымен ғана қолдануға болады
Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Әділет министрлігі қазақстандық орындаушылардың музыкасы Instagram мен Facebook-те қайта қолжетімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Шолпан Әбдрееваның айтуынша, қазақстандық әндерді әлеуметтік желілерде пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді.
"Заң бойынша музыканы тек авторлар мен құқық иелерінің рұқсатымен ғана қолдануға болады. Бірақ енді – Әділет министрлігінің, "ҚазАҚ" қоғамдық бірлестігінің және Meta компаниясының бірлескен жұмысының арқасында бұл мәселе шешімін тапты: арнайы келісімге қол қойылып, қазақстандық әндерді әлеуметтік желілерде пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді", - деді Әбдіреева орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте.
Осының арқасында шығармашылық еркіндікке қажетті контент көбейіп қана қоймай, қазақстандық музыканы әлемге кеңінен танытуға болады.
Instagram* мен Facebook әлеуметтік желілері Ресейде экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.
Әдебиет, музыка, киноға қатысты жобаларды қолдаумен айналысатын қор құрылып жатыр