АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Тәжікстанның шығысында жер сілкінісі 17 үйді қиратты, деп хабарлады Sputnik Тәжікстан.
Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің Дағдарысты басқару орталығы алдын ала мәліметтерге сүйене отырып хабарлады.
"Тәжікстанның шығысындағы жергілікті уақыт бойынша сағат 09.24-те болған жер сілкінісінің ошағында алдын ала мәліметтер бойынша 17 тұрғын үй мен бір мектеп жартылай қираған", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар комитеті жер сілкінісінің ошағы Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде, Рашт аймағында орналасқанын хабарлады.