LRT құрылысына байланысты жолдарда уақытша шектеу енгізіледі

101-102 станцияларының аралығында болат қорапты арқалықты орнатылады
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жолдарда уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады қала әкімдігі.
101-102 станцияларының аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:
14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қарағанды тас жолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
15 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін – Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жол айрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тас жолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Астанада LRT тестілік режимде қашан іске қосылады