АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 4,5 сағатқа созылды.
Олар Украинадағы жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.
Путин мен Уиткофф жұма күні Санкт-Петербургтегі президенттік кітапханада кездесті. Олармен Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев еріп жүрді.
Дмитриев әлеуметтік желідегі жазбасында Уиткоффпен келіссөздердің нәтижелі болғанын айтты.
Ақ үй Уиткоффтың Ресейге сапарын Украинадағы атысты тоқтатуға және түпкілікті бейбіт келісімге жетуге бағытталған тағы бір қадам ретінде бағалады.