Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров Украинадағы жағдай бойынша АҚШ-тың ұстанымына түсініктеме берді

Ол Трамп украин қақтығысын реттеу қажеттілігін түсінетінін айтты
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп – Украинадағы қақтығысты оның түпкі себептерін жою арқылы ғана шешуге болатынын түсінетін Батыстың санаулы көшбасшыларының бірі. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты, деп жазады Риа Новости.
"Мәселені шешудің және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы - (қақтығыстың – ред.) түпкі себептерін жою. Президент Трамп Украинаны НАТО-ға тарту қателік екенін бірнеше рет айтқан бірінші және әзірге жалғыз дерлік Батыс көшбасшысы болды деп ойлаймын. Бұл біз бірнеше рет атап өткен негізгі себептердің бірі", - деді ол Анталия дипломатиялық форумында сөйлеген сөзінде.
Лавров атап өткендей, АҚШ Украинаны реттеу аясында аумақтық мәселелерді шешу қажеттілігін түсінеді.
"Олар аумақтық мәселелер ұзақ мерзімді реттеуді орнату аясында шешілуі тиіс екенін мойындайды", - деді ол.
Ол Трамп украин қақтығысын реттеу қажеттілігін түсінетінін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мәскеу талаптарына сай келіссөздер нәтижесінде ғана қақтығыс тоқтайды - Лавров