АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Украинадағы қақтығысты реттеу аспектілері Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофтың кездесуінде талқыланады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Әңгіме Украинадағы қақығысты реттеудің түрлі аспектілері бойынша жалғасады. Аспект көп, түп негізі өте күрделі", - деді Песков журналистерге.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Мәскеу және Киевпен кездесулер өткізіп, қақтығысты реттеу мақсатына жақындап жатыр деп мәлімдеген болатын.