Павлодарда халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды

Полицейлер ақпан айынан бастап туыстарымен байланысқа шықпаған павлодарлықтың орналасқан жерін анықтады
Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Павлодарда жедел уәкілдер халықаралық іздеуде жүрген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Облысымызда бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін 1999 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген көрші мемлекеттің азаматы Ресей Федерациясының Грозный қаласында ұсталды. Алматыда өткен жылы алты алаяқтық жасады деген күдікпен екібастұздық ұсталды. Ақсуда Моңғолия Республикасының аумағында тонау жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, ер адам қамауда. Барлық іздестірілген адамдар туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды",- дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Сондай-ақ полицейлер ақпан айынан бастап туыстарымен байланысқа шықпаған павлодарлықтың орналасқан жерін анықтады. Осы уақыт ішінде ол Алматыда жұмыс істеген, ал туыстарына ескертпеген.
Мыңдаған қазақстандық халықаралық іздеуде жүр - Бас прокуратура