Жеңістің 80 жылдығы

Тоқаев күзде Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады деп жоспарланып отыр – СІМ

Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі аясында Қазақстан мен Ресей сыртқы саясат ведомстволарының басшылары кездесті
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары күзге жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұрат Нұртілеу. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұрат Нұртілеу
"Күзге жоспарланған Қасым-Жомарт Кемелұлының (Тоқаев) алдағы сапары (Ресейге) да маңызды. Біз мемлекеттік сапарды дайындау және өткізу бойынша өте маңызды жұмыстарды атқарып жатырмыз", - деді ол.
Ал РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Қазақстан басшысының Жеңіс күніндегі салтанатты шарада күтетінін атап өтті.
РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров
"Шынында да, бұл ерекше жыл болды. Біз ортақ Жеңісіміздің 80 жылдығына арналған салтанатты шарада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты күтеміз", - деді Лавров.