АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Жоғарғы сот өткен жылы көз жұмған жасөспірім Шерзат Полаттың сотына қатысты мәлімдеме жасады.
️Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.
"Сот отырысына қатысушылардың пікірін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-каналында көруге болады.