АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Абай облысында жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылғы 10 сәуірде шамамен сағат 05:20-да Семей – Бородулиха автожолының 16-шақырымында болған.
"Volkswagen Passat автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Бородулиха ауылына бағыт алып келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағаш екпелеріне соғылды", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.