Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

Бұл көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстан аумағына барлық көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мұндай тыйым ауыл шаруашылығы министрінің сәйкес бұйрығымен әзірше алты ай мерзімге белгіленді.
Айта кету керек, бұл тыйым республика аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.
Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.
Сұйытылған газды елден шығаруға тағы жарты жыл тыйым салу көзделіп отыр