АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, дерп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шыққан.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансард түріндегі 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте қабат толығымен отқа оранған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді.
Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.