АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Виктор Майко Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі болып тағайындалды, делінген Зеленскийдің Жарлығында.
Жаңа елші 2020 жылдан бері Түрікменстандағы елшілікті басқарып келген. Дипломат осыған дейін 2005-2010 жылдар аралығында осы елде және қосымша Ауғанстанда елші қызметін атқарған болатын.
Еске сала кетейік, Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский 2022 жылы берген сұхбатында орыс ұлтына қатысты дау-дамайлы мәлімдеме жасаған болатын. Кейін дипломат ол сөзі үшін Қазақстаннан кешірім сұрады.
2022 жылдың күзінде Зеленский Петр Врублевскийді қызметінен босатты.