Фото

Қытайда роботтар бірқатар қызметті атқарып жүр - фото

Қытай елі робототехника саласында жаңалықтар енгізуден алдына жан салмайды: мұнда тәртіп сақшысы, өрт сөндіруші, модель, көше тазалаушы, тіпті бала күтушісі қызметіне дейін роботтар атқарады! Фотодан көріңіз!
Sputnik
Әлем елдері жасанды интеллектінің пайдасы мен зияны туралы пайымдаулар жасап, дауласып жатқанда, Қытай шынайы өмірде жаңа технологиялар енгізуден жаңалық жасап жатыр.
Суреттерге зер салыңыз.
1 / 10

Робот ит полицейлердің сүйемелдеуімен Қытайдың Бейжің қаласындағы Чжунгуанцун халықаралық инновациялық орталығын күзетеді.

2 / 10

Адам тәрізді роботтар Қытайдың Бейжің қаласындағы Чжунгуанцун халықаралық инновациялық орталығында ақпарат үстелінде жұмыс істейді.

3 / 10

Төрт аяқты робот Қытайдың Хуайань қаласындағы 220 кВ қосалқы станцияда тексеру жұмыстарын жүргізеді.

4 / 10

Ai me роботтары - Қытайдың Шанхай қаласындағы Appliance & Electronics World Expo көрмесінде балаларға қамқорлық жасай алатын әлемдегі алғашқы жасанды интеллект роботтары.

5 / 10

Қытайдың Ханчжоу қаласында көшелерде интеллектуалды орман өрт сөндіруші роботтары пайда болды.

6 / 10

Адам тәрізді робот төрт аяқты робот итпен бірге Қытайдың Шанхай қаласында өткен Petjoy 2025 сән апталығында подиумда өнер көрсетті.

7 / 10

Автономды интеллектуалды робот тазалаушы Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ғылыми-технологиялық саябақта жолды тазартады.

8 / 10

Адам тәрізді роботтар Қытайдың Бейжің қаласындағы Чжунгуанцун халықаралық инновациялық орталығында жұмыс істейді.

9 / 10

Қытайдың Чунцин қаласындағы ғылыми-зерттеу базасында шай жапырақтарын жинайтын робот.

10 / 10

Қытайдың Бейжің қаласындағы Чжунгуанцун форумының арнайы баспасөз конференциясында ерікті роботтар естелік медальдармен марапатталады.