Алматыда тағы бір нысан сүрілді

Үйді сүру туралы шешімді Алматы қалалық соты былтыр мамырда шығарған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда сот шешімімен екі қабатты таунхаус сүріліп жатыр, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Асқартау шағын ауданы, Жансая көшесі, 17Б мекенжайында орналасқан блокталған үй сүріліп жатыр.
"Бұған дейін жоспардан тыс тексеру нәтижесінде меншік иесіне рұқсат құжаттарының жоқтығына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген", - дейді ведомство.
Үйді сүру туралы шешімді Алматы қалалық соты былтыр мамырда шығарған.
Үйді бұзуға сот орындаушылар кіріскен.
Еске салайық, Алматыда 2023 жылдың басынан бері заңсыз салынған 72 нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар толық немесе жартылай сүрілді.
Алматыда заңсыз 63 дүңгіршек сүрілді