АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. "Вашингтон Кэпиталз" командасының ресейлік шабуылшысы Александр Овечкин үздік сұрмергендердің тізімінде әйгілі канадалық Уэйн Гретцкиді басып озып, Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) тарихында рекорд орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.
Овечкин өзінің рекордтық шайбасын сырт алаңда "Нью-Йорк Айлендерс" командасына қарсы ойында соқты.
39 жастағы ресейлік ҰХЛ тұрақты маусымындағы 1487 матчта соққан голдарының жалпы санын 895-ке жеткізді.
1487 ойында 894 гол соққан Гретцки ойындф тамашалап, "Вашингтон" капитанын құттықтады.