АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Украинада ықтимал атысты тоқтату жағдайында Еуропадағы украиналық босқындардың мәртебесіне қауіп төнуі мүмкін, деп жазады Euractiv порталы. ұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Еуроодақтағы миллиондаған украин босқынның құқықтық мәртебесіне қауіп төнуі мүмкін, өйткені атысты тоқтатқаннан кейін олардың Еуроодақта қалуына рұқсат беретін нақты жоспар жоқ", - деп жазады басылым.
Порталдың хабарлауынша, Еуроодақ кеңесі украин босқындарды уақытша қорғау мәртебесін одан әрі ұзарту мәселесін маусым айында қарастыруды жоспарлап отыр.
Портал Украинадағы атысты тоқтатудың босқындарға қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуі және оларды қабылдаған ЕО елдерін болашақта қандай стратегияны таңдау керектігін шешуге рұқсат етуі мүмкін екенін жазды: босқындарды қорғау шараларын әлсірету, оларды интеграциялау немесе оларды үйлеріне қайтаруға итермелеу.