АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы француз қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді.
12 раундқа есептелген жекпе-жек Астанада өтті. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
12 раундқа есептелген жекпе-жек Астанада өтті. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
Осылайша Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.
Кәсіпқой боксшыны жеңісімен президент құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.