АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ресейдің сырты істер министрі Сергей Лавров "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньянды туған күнімен құттықтады.
Лавров өз құттықтауында Симоньянды "белді отандық журналистердің қатарына кіретінін" ерекше атап өтті.
"Құрметті Маргарита Симоновна, сыртқы істер министрлігінің ұжымы мен жеке өз атымнан сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз ең белді отандық журналистердің қатарына кіресіз, соған әбден лайықсыз", - дейді Лавров.
Оның айтуынша, Симоньянның кәсіби білімі мен іскерлігін өз елінде ғана, шетелде де жоғары бағалайды. Оны миллиондаған аудитория да байқап отыр.
"Біз Ресейдің әлемдік ақпараттық кеңістіктегі позициясын күшейтуге және халықаралық маңызы бар оқиғаларды объективті түрде жеткізуге деген күш-жігеріңізді бағалаймыз", - деп атап көрсетті министр.
Лавров әлемдік қауымдастықтың алдында Ресейдің шынайы образын қалыптастыру мақсатында өзара ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін де жеткізді.