Ақмола облысында екі ауылдан 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Су тасқыны салдарын жоюға 300 маман мен 156 бірлік арнайы техника жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бойынша соңғы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құтқарушылар су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны қаупі төмендеп келеді. Ал құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуге кірісті.
"Иванковка ауылында 4 жеке тұрғын үйді су басу тіркелді. Капитоновка ауылында Баксук өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауы салдарынан түнде 41 адам, соның ішінде 11 бала эвакуацияланды. Новобратское ауылында 70 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды. Барлық эвакуацияланғандар туыстарына орналастырылған. Сонымен қатар, 757 бас мал мен 471 құс құтқарылды", - делінген ресми хабарламада.
Су тасқыны салдарын жоюға 300 маман мен 156 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін өзендердегі мұздар жарылды. Инертті материалдар мен қаптар уақтылы төгілді. Сондай-ақ еріген суларды бұру ұйымдастырылды. Соның арқасында бірқатар елді мекендерді су басқан жоқ.
Құтқарушылар су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Су тасқыны кезеңі басталғалы бері төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 1,4 миллион текше метрден астам су айдалды, 141 мың қапшық және 1,5 мың тоннаға жуық инертті материал төселді.
Құтқарушылар су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Айта кетері, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде көктемгі су тасқыны кезеңі ойдағыдай өткенін мәлімдеген болатын.
Ақмола облысында жолды су басты - көлік қозғалысына шектеу қойылды