Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер жібереді деп үміттенеді

Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Франция мен Ұлыбритания Украинаға өз контингентін жіберетін алғашқылардың қатарында болады деп үміттенеді.
"Француз әскері келеді, контингент жіберілетін болса, алғашқылардың қатарында француз, британ әскері болатынына толық сенімдімін. Олар бұл идеяны еуропалық контингенттің негізгі өкілдері ретінде ұсынып отыр. Қашан, қанша екенін айта алмаймын", - деді Зеленский Украинаның "Общественное" телеарнасына берген брифингінде.
27 наурызда өткен Париждегі саммиттен кейін Франция президенті Эммануэль Макрон коалицияның бірқатар өкілі Украинаға "тежеу ​​күштерін" жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.
Ол француз-британ бастамасы украин әскерін алмастырмайтынын, ал "тежеу ​​күштері" бітімгершілік күші болмайтынын атап өтті. Олардың мақсаты Ресейді тежеу ​​болмақ және олар украиналықтар алдын ала белгілеген стратегиялық орындарға орналастырылады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польша Украинаға әскер жіберуді қолдамайды - поляк министрі