"Ешқашан ұмытпаймын": Словения президенті Димаш жайлы жылы лебіз білдірді

Ол Димаш Құдайберген қатысқан салтанатты кештен ерекше әсер алғанын жасырмады
Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Словения президенті Наташа Пирц-Мусар әнші Димаш Құдайбергеннің концертін ешқашан ұмытпайтынын айтты.
Ол халық әртісі Димаш Құдайберген қатысқан салтанатты кештен ерекше әсер алғанын жасырмады, деп хабарлады Qazaqstantv.
"Кешегі концертті ешқашан ұмытпаймын. Өмір бойы есте сақтаймын. Президент мырза, сіз Словенияға келгенде дәл осындай деңгейде құрмет көрсете аламыз ба? Білмеймін...", - деді Наташа Пирц-Мусар.
Еске сала кетейік, осы аптада Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты.Ол қонақжайлылық көрсеткен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.
Димаштың "Киелі мекен" атты жаңа әніне түсірілген бейнебаяны шықты