АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Өзбекстанға жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
"Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық "QazaqAir" әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқан бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп жоспарлануда.