"Қарағанды-Балқаш" тас жолында дрондар патруль жүргізеді

Дрондарды сатып алудың қажеті жоқ, өйткені олар қазірдің өзінде жеткілікті көлемде бар
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ел аумағындағы "Қарағанды-Балқаш" тас жолында дрондар патруль жүргізеді.
Полиция келесі аптадан бастап дрондарды қолдана бастайды. Қазірдің өзінде көлік көп жүретін тас жолдың бойында жүргізушілерге әуе патрульі туралы ескертетін арнайы белгілер орнатылған.
"Дрондардың көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды анықтай алады: мысалы, қарсы жолаққа шығып кеткендер, дұрыс емес жерде кері бұрылғандар және тағы басқалар", - деп түсіндірді Қарағанды ​​облысының полиция департаментіндегілер.
Бұл ретте полицейлер дрондарды сатып алудың қажеті жоқ деп сендірді, өйткені олар жеткілікті көлемде бар.
11 жасар қазақстандық дрон жарысында әлемнің үздік 16 ұшқышының қатарына енді