Министрлік Оралға қатынайтын жаңа вагондарды көрсетті

Тасымалдаушы тағы екі вагонның ішкі интерьерін толығымен жаңартты
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Көлік министрлігі Астанадан Оралға қатынайтын пойызға жаңа үш вагонның қосылғанын хабарлады.
Жылдың басында дәл осы бағытта қатынайтын (Орал-Астана) пойызға бір жаңа қосымша вагон тіркелген болатын. Осы жолы тағы үшеуі қосылды.
"Орал-Астана (Нұрлы жол)" бағыты бойынша қатынайтын 58/57 нөмірлі жолаушылар пойызының құрамына үш жаңа вагон қосылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, тасымалдаушы тағы екі вагонның ішкі интерьерін толығымен жаңартты. Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін бейнебақылау жүйесі, сондай-ақ, электронды құрылғылар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB орнатылды.
Локомотив сигналын елемеген: Алматы облысында ер адам пойыз астына түсті