АЛМАТЫ, науыз 3 – Sputnik. Астанада жалған жиһаз сатқан алаяқ сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ол "OLX" интернет-платформасында жалған мәліметтер мен фотосуреттер жариялаған.
"Жәбірленушілердің бірі 50 мың теңгелік диван туралы хабарландыруға қызығып, оның дұрыстығына көз жеткізбей, жиһазды көрмей сатушыға 40 мың теңге аударып жіберген", - дейді ведомство.
Ақшаны алып алған алаяқ кейін ізін суытқан. Осындай тізбекпен 40-тан астам жәбірленуші 2 млннан астам теңгеге сан соғып қалған. Сотталушы кінәсін толық мойындады.
"Сот үкімімен кінәлі азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, бірақ кішкентай баласы бары ескеріліп, жазасын өтеу кейінге қалдырылды", - дейді прокуратура.
Үкім заңды күшіне енді.