Ұлытау облысында бөлім басшысы 91 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Олардың мүліктеріне тыйым салынып, қылмыстық іс 7 наурызда сотқа жолданды
Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген бұрынғы басшы мен басқа да мамандарға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Сәтпаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен басқа да мамандар алаяқтық жолмен 91 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінген. Олар қоныс аудару бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқырды, дейді ведомстводағылар.

"Күдіктілер қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, іс жүзінде жоқ ғимаратты мемлекеттік мұқтаждық үшін жалған сатып алу арқылы 91 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған", - дейді прокуратурадағылар.

Олардың мүліктеріне тыйым салынып, қылмыстық іс 7 наурызда сотқа жолданды.
Күдікті сот залынан қашып кетті - полицейлер тергеуге алынды