АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқан қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысады. Сондай-ақ бүгін Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.
Тоқаевты әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.