Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды
Қазақстандық делегация Сианьда келіссөздер жүргізді
Sputnik
АЛМАТЫ, науыз 3 – Sputnik. Сиань қаласында өткен сауда экономикалық миссия қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлер 98 млн долларға келісім жасасты, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Визит казахстанской делегации в Сиань
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды
Былтыр Қазақстан мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы өзара тауар айналымы $382,3 млн болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп. Ал Сиань қаласына барған сауда және интеграция министрлігінің бизнес-делегациясы Шэньси провинциясымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етті, дейді министрлік.

"Чэнду қаласында қол жеткізген келісімдер нәтижесінде тауар айналымын 50%-тен асырып, ал Нанкинде – 3,5 есеге арттырдық. Шэньси провинциясымен де ынтымақтастық кеңейеді деп сенемін. Біз 490 млн доллардан астам сомаға 16 түрлі өнім бойынша ұсыныс әкелдік. 30 күнге дейін визасыз режимнің енгізілуі - туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына үлкен серпін береді", – деді сауда және интеграция министрі.

Визит казахстанской делегации в Сиань
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды
Өткен жылы Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға шамамен 300 пойыз жөнелтілсе, биыл екі айда 111-ден астам пойыз жіберілген.
Қазақстан мен Қытай колледждері 17 келісімге қол қойды