Тоқаев отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Ақордада Индустрия министрлігінің басшысын қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Тоқаев отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін құруды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Ол индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа осы және өзге де тапсырма берді.
Сондай-ақ орта және жоғарғы шектегі өнім өндіруді арттыру қажет, деді Тоқаев.
Сонымен қатар Тоқаев мынандай тапсырма берді:
Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрін жасау.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды мерзімінде әрі сапалы аяқтау.
Инвестор тарту жұмыстарын жандандыру.
Тұрғын үйлер мен өңдеуші өнеркәсіп нысандарын уақтылы пайдалануға беру.
Тұрғындарды ауыз сумен барынша қамтамасыз ету.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын цифрландыруды жеделдету.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын қатаң бақылауға алу.
Бұған жауап ретінде министр оған 2024 жылдың қорытындысы, өңделген өнім экспортының ұлғаюы және негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі туралы айтты.