АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "Центргеолсемка" ЖШС шамамен миллион тоннаны құрайтын сирек жер металдарының үлкен ресурстары бар бірнеше перспективалы аймақтар анықтады, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
"Центргеолсемка" ЖШС басшылығы сирек жер элементтерін сандық анықтаудың едәуір бөлігін өз қаражаты есебінен жүргізді, бұл қорларды алдын ала бағалауға мүмкіндік берді.
"Барлық қолда бар материалдарды талдағаннан кейін "Жаңа Қазақстан" атты өте үлкен болжамды ауданы анықталып, алдын ала бағаланды. Оның ауданы Құйрықтыкөл учаскесін түгелдей дерлік қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Ауданның 300 метр тереңдіктегі сирек жер металдарының жалпы болжамды қоры 20,0 млн тоннадан асады.