Байқоңырда ғарыш айлағына кірмек болған төрт шетелдік ұсталды

Ұсталғандар Испания мен Австралия азаматтары
Sputnik
АЛМАТЫ, 2 сәуір - Sputnik. Құқық қорғау органдары Испанияның үш азаматы мен бір Австралия азаматын ұстады, деп хабарлайды РИА новости.
Олар "Боран" ғарыш кемесіне кіріп жатқан жерінде ұсталған.
"Бүгін түнде Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешеніне үш испандық пен австралиялық азамат ұсталды", - деді дереккөз. Қазіргі уақытта ұсталғандардан жауап алынып жатыр.
Байқоңыр ғарыш айлағына кірген француз бен неміс бір тәулікке қамауға алынды