АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Алматыда жаяу жүргінші өтетін жерде жүк көлігі 7 жастағы қызды басып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады қалалық полиция.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:17-де Алматы қаласының Алатау ауданында болды. Полицияның мәліметінше, Бұрындай көшесімен келе жатқан Renault жүк көлігі Новое көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан жеті жастағы қызды қағып кеткен.
Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіледі.