АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Жамбыл облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы жүк машиналарының иелері мен жүргізушілерінен облыс аумағында еркін жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алған", - дейді ведомство.
Инспекция басшысының міндетін атқарушы 6 жылға, ортада пара беруге делдал болған тұрғын 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екі пара берушінің әрқайсысына 5 және 6 млн теңге айыппұл салынды.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.