АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.
Бұған дейін Қазақстан сенаты Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялаған болатын.
Заңда:
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарға бірлескен қарсы іс-қимыл;
- заңсыз кірістерді іздеу және қайтару;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қатысатын адамдарды қорғау ұсынылды.
Келісім шеңберінде ТМД елдері деректермен жедел алмасып, бірлескен тергеулер жүргізіп, күдіктілерді бере алады, деді сенаттың баспасөз қызметі.