Таиландта жарылған катердің жолаушылары арасында 4 қазақстандық болды – СІМ

Екі азаматтың паспорты өртеніп кеткен
Sputnik
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таиландта жарылған катердің жолаушылары арасында 4 отандасымыз болғанын хабарлады.
"Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды. Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Екі азаматтың паспорты өртеніп кеткен. Ертең консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, сонымен Қазақстанға орала алады.
Еске сала кетейік, Таиландтың оңтүстігінде Ресей мен Қазақстанның туристері мінген қайық жарылды. Жарылыс болған сәтте катерде 3 экипаж мүшесі ғана болған. Олардың барлығы жарақат алған.
Таиландта Ресей мен Қазақстан туристері мінген қайық жарылды