Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украина дағдарысының себептерін жоюды қолдайды - ҚХР СІМ

Елдің сыртқы істер министрі бұл үшін диалог пен келіссөздер қажет екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қытай Украина дағдарысының себептерін жоюды қолдайды, деп мәлімдеді Қытай сыртқы істер министрі Ван И РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Біз диалог пен келіссөздер арқылы дағдарыстың себептерін жоюды және барлық қатысушы тарап үшін қолайлы әділ, ұзақ мерзімді, міндетті бітімгершілік келісімге қол жеткізуді қолдаймыз. Бұл Еуразияда және бүкіл әлемде шынайы тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Ван И РИА Новостиге берген сұхбатында.
Министр Мәскеу мен Бейжің жаңа дәуірдегі Қытай мен Ресей жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимыл қарым-қатынастарын жаңа биіктерге көтеріп, әлемдік тәртіпті неғұрлым әділ әрі ұтымды бағытта ілгерілетуге үлес қосатынына сенім білдірді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қытай Украинаға қатысты бейбіт конференция өткізуді қолдайды – Ван И