АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Бейжің Украина мәселесін реттеуге атсалысуға дайын. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрі Ван И РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.
"Қытай мүдделі тараптардың ұмтылысын ескере отырып, қақтығысты реттеуде халықаралық қауымдастықпен, бірінші кезекте Жаһандық оңтүстік елдерімен бірге конструктивті рөл атқаруға дайын", - деді Ван И.
Қытай сыртқы істер министрі Ван И Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровтың шақыруымен 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Ресейде ресми сапармен болады. Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және халықаралық, соның ішінде Украина мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Владимир Путин Ван Иді жақын күндері қабылдайды деп жоспарлануда.
Қытай мен Бразилия өткен жылдың мамырында Украинадағы қақтығысты саяси реттеудің алты тармақтан тұратын жоспарын бірлесіп жариялап, 100-ден астам елден қолдау алған. Бұдан кейін Қытай сыртқы істер министрі Ван И Қытай, Бразилия және Жаһандық оңтүстіктің басқа елдері Украина дағдарысын шешу үшін "Бейбітшілік достары" атты ашық платформа құруды жоспарлап отырғанын айтты.